Шиелі ауданы №74 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейі

Фото Библиотека Назарбаев Интеллектуальной школы ХБН г.Кызылорда.Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханасының трансляция бойынша іс-тәжірибелері инновациялық мектептерде жалғасын тауып жатыр. Соның қатарында Шиелі ауданы №74 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде әріптесіміз Т.Нәбишева өз жұмысына «Мектеп кітапханасында ақпараттық орта құру және қызмет көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында таным сағатын өткізіп семинардан үйренген: «Kahoot» — тест,  викторина сұрақтарын онлайн сервис арқылы жасау,  «Визуалды карточкалар» арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту, «Book  Pictiure» — ойын  арқылы оқырмандарымызды кітап оқуға ынталандыру, «Кітапхана — мектептің ақпараттық орталығы» — Тони Бьюзон  әдісін пайдаланып Интеллект-карта жасау әдістерді оқушылармен бірге өткізді.

Фото Библиотека Назарбаев Интеллектуальной школы ХБН г.Кызылорда.Кітапханашы Т.Нәбишеваның ой-пікірі бойынша: «Әр кітапханашы өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқарса, біздің еліміздің кітапханалары өркениетті елдердің кітапханаларымен иық теңестіреріне еш күмән жоқ. Айтылған талаптарды әрбір кітапханашы тұрақты ұстанып отырса, оның күш-қуатты, көңіл-күйі әрдайым жоғары болады да, жұмысының сапасы артып еңбегі де әрдайым жана түседі. Бүгінгі таңда  барлық  адамзаттың алдында  тұрған  басты  мақсаттарының  бірі  білімді  ұрпақ  тәрбиелеу.  Олай  болса, біздің  барлық  іс  әрекетіміз  осы  бағытта  болу  керек.  Ал  ұрпақ  білімді  қайдан  алады?  Әрине, кітаптан.  Өйткені  тәрбие мен білім  егіз  ұғым  десек, жан  жақты  білім  мен  тәрбие  беретін  мәдени  орындардың  бірі  мектеп  кітапханасы».

Әріптесімізге еңбегінің жемісін көріп, әрдайым биіктен көрінуіне тілектеспіз!

Фото Библиотека Назарбаев Интеллектуальной школы ХБН г.Кызылорда.  Фото Библиотека Назарбаев Интеллектуальной школы ХБН г.Кызылорда.

Фото Библиотека Назарбаев Интеллектуальной школы ХБН г.Кызылорда.  Фото Библиотека Назарбаев Интеллектуальной школы ХБН г.Кызылорда.  Фото Библиотека Назарбаев Интеллектуальной школы ХБН г.Кызылорда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.