№249 инновациялық мектеп-лицейі

05.12.2017 Қызылорда облысы , Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 249 мектеп-лицейдің кітапханасында Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесінен алынған «Әдеби джем», «book tasting « т.б ойындар ойнатылды. Қызықты ойындар оқырмандар көңілінен шықты.       

№3 инновациялық мектеп-лицейі

02.12.2017 НЗМ тәжірибесінен «100 кітап» жобасы аясында 6″а», 6 «г» сынып оқушыларымен М.Әуезовтың «Жетім» әңгімесі бойынша оқырман конференциясы өтілді. Бұл іс-шарада Венн диаграммасы арқылы қазіргі таңдағы жетім балалар өмірімен салыстыра отырып талданды.       

№ 201 мектеп-лицей кітапханасы

28.04.2017 Қызылорда облысы, Жалағаш кентіндегі 201 мектеп-лицей кітапханасында 10 сынып оқушылары арасында М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы бойынша кітапхана сағаты өтті. Оқырмандар шығарманы «Гексагон» əдісімен жан-жақты талдап, кеіпкерлерге хат жазып, пікірлерін ортаға салды.       

«Бəрін таста, кітап оқы!»

27.04.2017 №201 мектеп-лицейдің 5 сыныптарымен өткен «Бəрін таста, кітап оқы!» тренингі өтті. Оқушылар кітап туралы пікірлерін айтып, » Book Bingo», «Көлеңкелі поэзия»,»Жоғалған əріп»,»Фотография» жаттығулары арқылы жан-жақты өздерінің білімдерін көрсете білді.       

«Интернет орнына кітап» тақырыбында біркүндік акция

26.04.2017 №140 қазақ орта мектебінің базасында «Ізгілікті істер» аясында аймақтық қала мектептерінің (№№2, 4, 11, 12, 101, 140, 176, 198, 233, 257, 264,278) кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Интернет орнына кітап» тақырыбында біркүндік акция өткізілді. Акциямыздың негізгі мақсаты: Оқушылар арасында кітапты, оқуға деген Читать далее …

26.04.2017 №201 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары арасында «Үздік оқырмандар» байқауы өтті. Оқушылар шығарма бойынша сурет салды,сахналық қойылым қойып,сұрақтарға жауап берді. Д.Исабековтың «Гауһартас»,Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» , З.Ахметованың «Шуақты күндер»шығармаларынан көріністер қойды.І орын 8б, ІІ орын 8в, ІІІ орынды 8 а Читать далее …

№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей

24.04.2017 №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей кітапханасында «100 кітап » акциясы барысында 9 сынып оқушыларымен Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша сырласу сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Жанар Ақбергенова мен 9 сынып оқушылары роман желісі бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.   Читать далее …

№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп кітапханасы

19.04.2017 №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Ертегілер елінде» тақырыбында 3 сыныптар арасында сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушылар ертегілерден көрініс көрсетіп, актерлік шеберліктерін танытты.     

№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей кітапханасы

18.04.2017 Бүгін №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей кітапханасында «Құстар біздің досымыз» тақырыбында 2 «А» сыныбымен сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында Назарбаев зияткерлік мектебінде семинардан алған іс- тәжірибелер қолданылды.