«Интернет орнына кітап» тақырыбында біркүндік акция

Фото Гульназ Ногаевой.26.04.2017

№140 қазақ орта мектебінің базасында «Ізгілікті істер» аясында аймақтық қала мектептерінің (№№2, 4, 11, 12, 101, 140, 176, 198, 233, 257, 264,278) кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Интернет орнына кітап» тақырыбында біркүндік акция өткізілді. Акциямыздың негізгі мақсаты: Оқушылар арасында кітапты, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітаптың құндылығын насихаттау. Баланы кітап оқуға кішкентайынан үйрету, ерікті түрде кітап оқуға машықтандыру, көркем әдебиетке қызығушылын арттыру, сөздік қорын молайту, баланың жан дүниесіне, рухани байлығына жол ашу.Акцияға қала мектептерінің кітапханашылары, №140 қазақ орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Шара барысында Қызылорда қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген семинардан алынған «Book bingo», «Кітаптың таын тап» ойындары қолданылды.

Фото Гульназ Ногаевой.  Фото Гульназ Ногаевой.  Фото Гульназ Ногаевой.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.