Буккроссинг 2023

20.12.2023
Буккроссинг 2023
Вookсrossing: сырбойылық зияткерлер ауыл мектебіне 200-ге жуық кітап сыйлады
Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп ұжымы өңірдегі Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының №41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектеп кітапханасын жаңа кітап қорымен толықтырды. Сонымен қатар, «Номад» пен «Әйтеке би» шаңырақтарының ата-аналары атынан ауыл мектебіне принтер үйлестірді.
Дәстүрлі Вookсrossing акциясына 7-12 сынып оқушылары, ата-аналар, мектеп қауымы қатысып, әлемдік бестселлер мен қазақ әдебиетінің танымды шығармалар топтамасын жинақтады.
«BookCrossing – кітап алмасуға арналған халықаралық қоғамдық акция. Оның миссиясы – том-том кітаптарды жинақтап, тарату және кітап оқуға баулу», – дейді NIS-тің педагог-кітапханашысы Гүлмариям Түбекбаева.
«Вookсrossing» желілік әлеуметтік акциясы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісінде 2010 жылдан бастау алған. Бүгінге дейін өңірдегі мектеп ұжымы ауылдық кітапхана қорын 2300-ге жуық әдебиетпен толықтырды.
Бұл жолы да мектеп қауымдастығы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем шығармалар мен танымдық энциклопедияларды сыйға тартып, жас өрендердің сүйікті кітаптарына айналатынына сенім білдірді.
Вookсrossing: кызылординские интеллектуалы подарила сельской школе около 200 книг
Школьное сообщество NIS Кызылорды пополнило библиотеку средней школы №41 имени Мустафы Шокая села Сулутобе Шиелийского района новой коллекцией книг. Также при поддержки родителей шаныраков «Номад» и «Айтеке би» подарили принтер сельской школе.
В традиционной акции «BookCrossing» приняли участие ученики 7-12 классов, родители, учителя, которые собрали уникальную коллекцию мировых бестселлеров и популярных произведений казахской литературы.
«BookCrossing — это международная общественная акция по обмену книгами. Главная миссия — собирать и распространять книги, привлечение молодежи к чтению», — рассказала педагог-библиотекарь NIS Кызылорды Гульмариям Тубекбаева.
Социальная акция книгодарения сети Назарбаев Интеллектуальных школ стартовала в 2010 году. На сегодня команда NIS пополнила фонд сельских библиотек региона 2300 книгами. Увлекательные энциклопедии, познавательная литература, популярные произведения на казахском, русском и английском языках стали любимыми книгами сельских ребят.
https://www.facebook.com/nis.in.kyzylorda/posts/pfbid0ZDY21jmFkKdGtQUTngZ9UuTHcsndfLqjsXJcCvqzGtfbdbH3YxBSUoLuCYf3gnY4l?__cft__[0]=AZUh5P4gyYm4R_tTp1Kix20gmOLfKdUBbqo1ypf_nuZRH4tAr42E9Jhp281s0cvMDRfIci9b3iRnMZVG4qcZx8HLDzR_1E1FcV7oDaVrRnJWIItHVtkGWnvsQawJQJ-OZ5b3wZmqSufKNQdhpcu-jpMW_K4QNui7aFORxtH6Piip7w&__tn__=%2CO%2CP-R

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.