«Руханият» отбасылық оқырмандар клубы

«Руханият» отбасылық оқырмандар клубы жаңа мүшелермен толықты

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте оқушылар мен ата-аналар арасында кітап оқуды насихаттау мақсатында құрылған «Руханият» отбасылық оқырмандар клубында кезекті іс-шара өтті.

Биылғы оқу жылында жас зияткерлер қатарына қабылданған 7-сынып білім алушылары және олардың ата-аналары клубқа мүше болып отыр.

«Book Tasting» әдісі бойынша өткізілген бас қосуда клуб мүшелері «әдеби кафеде» жиналып, «NIS оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасының тізіміне енген шығармалармен танысты. Сондай-ақ өз кітаптар мәзірін әзірлеп, негізгі, қосымша қызықты, пайдалы әдебиеттер тізімін ұсынды.

Бұл шара өзара қарым-қатынасты арттырып, қазақ жазушыларының туындыларымен танысуға мүмкіндік берді. Кездесуде ата-аналар мен оқушылар белгілі балалар жазушысы, 100 жылдық мерейтой иесі Бердібек Соқпақбаевтың «16 жасар чемпион» әңгімесін таңдап, оның мазмұнына клубтың келесі отырысында талдау жүргізуге шешім қабылдады.
https://www.facebook.com/KyzylordaNisLibrary/posts/pfbid02wKuAKXfbXtbH4VBVZrroCEH9kAEJkb2PuNmg1Sn51nyFb9dW9PSL3nfYeU8kA9hTl?__cft__[0]=AZV7PhQpCe4bPDLyRNyYK4xTPL-qp2lj7DzH-ZzIfw8mWUbi0zEywZ3mYbeE-uAscvSOEh_Izx65KgbG16M9djVRJJO-jJ8IePgfvtGXtLPXQvAFQKp1YepnsxfUl_E9CSC0g-AhqcH1SjjLx6vNtIyvW5rYQnWHnffUfojpVqG3r7_JGYm6MASquEFFgcUKHT0VOhI0NrTzsAJDMh7PEWjK&__tn__=%2CO%2CP-R

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.